«Біз біргеміз» қайырымдылық концертіне келіңіз

04.05.2012

Көрулер: 2329

5 мамыр сағат 16.00-де Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Біз біргеміз» атты қайырымдылық концерті өтеді.

Концерт әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Көмек» еріктілер қозғалысының бастамасымен, Алматы қаласының 18 ЖОО ерікті студенттерінің қатысуымен өтеді. Сондай-ақ, концертте қазақ эстрадасының жұлдыздары мен үздік КВН командалары өнер көрсетеді. Билет бағасы: 500тг. Қорға түскен қаражат 9 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатқа бағытталады.