Азия чемпионы - Лаура Сабырбекова

03.05.2012

Көрулер: 2778

27 – 29 сәуір аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан) армрестлингтен әйелдер арасынан XI- ші Азия Чемпионаты өтті.

70 кг салмақта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің магистранты Лаура Сабырбекова оң қолмен – 1ші орын, сол қолмен – 3 орын алып, 2012 жылдың Азия чемпионы атанды. 11 мемлекеттің ішінде Қазақстан 1- ші орынға ие болды.

Құттықтаймыз!