ҚазҰУ Музейінде клубтың ашылуы мен кітап тұсаукесері өтеді

03.05.2012

Көрулер: 2376

4 мамыр әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейінде мен әскери кафедра бірігіп Қазақстан Республикасының Әскери Қарулы күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына байланысты салтанатты іс-шара өткізеді.

Бағдарламада:

  • ҚазҰУ Музейінің жанынан «Ұрпақтар естелігі» атты студенттік ғылыми-ізденіс клубын құру, ашу.
  • Университет профессоры Л.С. Ахметованың «Қазақстан, армия, патриотизм» кітабының тұсаукесері, пікірталас.

Іс-шараға Алматы қаласының ардагерлер кеңесі мен жастарға азаматтық тәрбие беру комиссиясының мүшелері, әскери кафедраның курсанттары мен университет студенттері және музей қызметкерлері қатысады.

Өткізілу орны мен уақыты: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Музейі

2012 жыл. 4 мамыр, сағ. 13.00.