ҚазҰУ-да «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты студенттік конференция өтті

29.04.2012

Көрулер: 2878

25 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен бірлесіп «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты ХХVІІ халықаралық ғылыми студенттік конференция өткізді.

Конференцияның ашылу салтанатында Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Қ.А. Мамай, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы Т.О. Молдаханов, шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі, профессор Ж.Ә. Нұршайықова сөз сөйледі.

Конференция жұмысына 12 елден келген 109 студент пен магистрант қатысты (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Ауғанстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ, Бразилия, Египет, Түркия). Олар тіл білімі, тарих, этнография және басқа білім салаларындағы бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне арналған орыс және қазақ тілдерінде баяндамалар жасады. Конференция аясында Алматы қаласы жоғары оқу орындарының шетелдік студенттері арасында үздік ғылыми жұмыс үшін қалалық байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың қазылар алқасы ең үздік студенттік жұмыстарды анықтады: қазақ тілінде жазылған үздік студенттік жұмыс үшін І орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Ресуке Кохито (Жапония) иеленді.

ІІ орын – ҚазМемҚызПУ студенті Ахматалиева Гулрух (Өзбекстан) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Мун Джи Ен (Оңтүстік Корея).

ІІІ орын – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Ли Енг У (Оңтүстік Корея) және Элизавет Рив (АҚШ).

Орыс тілінде жазылған ең үздік студенттік жұмыс үшін орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Рэндел Скотт Райт (АҚШ) алды. ІІ орын – С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті Азиз Наим (Ауғанстан) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Леандро Феррейра (Бразилия). ІІІ орын – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Сафи Ахмад Джамшид (Ауғанстан) және Ван Си (ҚХР). Сонымен қатар үздік студенттік жұмыстар бойынша: өзекті тақырыпқа жазылған үздік жұмыс – Карими Насибуллах (Ауғанстан) және Ли Хи Джу (Оңтүстік Корея), креативті көзқарастағы жұмыс – Линь Шунь И (ҚХР) және Ким Бо Ми (Оңтүстік Корея), Қазақстан тақырыбына жазылған үздік жұмыс – Ким Жон Сук және У Хан Су (Оңтүстік Корея), «Жас ғалым» – Марва (Египет) және Хан Аэлита (Қазақстан), баяндау тілінің ерекшелігі үшін – Давлет Чарыев (Түркменстан) және Зайцева Ольга (Қазақстан).

Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы атынан аталған ұжым басшысы М.Қ. Ахетов құттықтау сөз сөйлеп, жүлдегер студенттерге Алматы қаласы туралы кітаптарды сыйға тартты.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті