Студенттік «Ағылшын тілі» фестивалі

28.04.2012

Көрулер: 2436

27 сәуірде химия және химиялық технологиялар факультеті Малахит залында жаратылыстану факультеттеріндегі ағылшын тілі клубтарының ұйымдастыруымен "Brighten the corner where you are!" («Айналаңды нұрландыр») атты ағылшын тілі фестивалі өтті. Фестивальға университет басшылығы, барлық факультет оқытушылары мен студенттері атсалысып қатысты.

«Бұл бастама былтыр шет тілдер кафедрасының ұсынымен қолға алынған болатын. Биыл тақырыпты «Айналаңды нұрландыр» деп атап отырмыз. Біз өзіміз жан-жақты жақсара отырып, өзгеге қуаныш, нұр сыйлай білсек, студенттер қазір білім нәрін бойларына сіңіріп, құндылықтарымызды сақтай отырып, ертең болашақты қалыптастыруда пайдаға асырып жатса сол игілікке жараған нәтиже болары сөзсіз. Өткізіп отырған жобамыз алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенемін», - дейді ректор Ғ.Мұтанов. Өзгемен тең дәрежеде білім-ғылым алмасу үшін ағылшын тілін меңгеріп, жастарға өз ойларын анық әрі нақты жеткізу үшін үнемі ізденіс үстінде жүріп, аянбай оқып, қазақ баласының қай салада болмасын мықты, жоғары деңгейде жүруге ұмтылуы керектігін айтып кетті.

Факультет студенттері ағылшын тілінде Абай, Шекспир шығармаларынан театрландырылған көріністер қойып, жанды дауыста ән айтып, кәсіби тұрғыдан би биледі.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі