Мапсапқа қол жеткіз

27.04.2012

Көрулер: 2658

27 сәуірде күні Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «ХХІ ғасыр мансабын құр» атты ҚазҰУ-2012 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде Қазақстанның 50 ірі компанияларының бос жұмыс орындары мен стендтік сессиялары жұмыс жасады.

Университет студенттері мен 2012 жылғы бітірушілер жұмыс берушілердің ұсыныстарымен танысып, өз түйіндемелерін тапсырып, «GSM Қазақстан», «Қазатомпром» АҚ, «Самрұқ-Қазына» ҰӘАҚ, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», «KPMG», «Кока-Кола Алматы Боттлерс», «Астана Моторс», «Хоум Кредит Банк» АҚ, «АТФ банк», «Темірбанк», «ЦентрКредитБанкі» АҚ, «Еуразиялық банк», «ТұрғынҮйҚұрылысЖинақ банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы», «Филипп Моррис Қазақстан» ЖШС, «Galaksi group», «Алматы қаласының Аймақтық қаржы орталығы» АҚ, мемлекеттік мекемелер, ғылыми-зерттеу инститтуары және тағы да басқа ірі компаниялардың өкілдерімен тілдесу, кеңесу мүмкіндіктеріне ие болды. Жұмыс берушілер бос жұмыс орындарымен таныстырып, мекеме жайлы толық таныстырды.

- Кез келген жоғары оқу орны үшін түлектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие болуы басты көрсеткіш болып табылады. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі түлектерге көмектесу және дұрыс жол тауып, жұмысқа орналасуға мүмкіндік жасау негізінде ұйымдастырылып отыр, - дейді жиынның алғы сөзінде ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов. Сондай-ақ ол компанияларға жәрмеңкеге қатысқаны үшін ризашылығын жеткізіп, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», «KPMG», «Самрұқ-Қазына» ҰӘАҚ және «Евразийский банкі» АҚ ҚазҰУ студенттерін жұмысқа және өндірістік тәжірибеге тартуда белсенділіқ танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Жәрмеңкеге келген жұмыс беруші компаниялар арасынан ҚазҰУ түлектерін де кездестіруге болады. Мысалға, Асфендияр Кушенов 2011 жылы экономика және бизнес жоғары мектебін тәмамдаған. Бүгінде беруші «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Корпоративті дамыту департаментінің менеджері болып қызмет атқарады. Енді ол өзі студенттерді жұмысқа тартуда. «Біз кампания туралы 300-ден аса ақпараттық парақшалар тараттық. Бірнеше түйіндеме қабылдадық. Міндетті түрде үміткерлердің тарапынан қабылданған барлық өтініштеді қарастырамыз. Оларды әңгімелесуге шақырамыз. Төл университетімнің түлектері біздің ұжымдағы қызметкерлердің қатарын толықтыратынына сенемін», - деп атап өтті ол.

Бос жұмыс орындары жәрмеңке бағдарламасында: Компания презентациялары, магистратура мен PhD доктарантура бағдарламалары, шет мемлекеттерде оқу бағдарламалары, «Кәсіби ортада мансапты табысты құру» шеберлік сыныбы, «Әңгімелесуден жақсы өту технологиясы» атты тренингі және студенттердің қолдан жасаған жұмыстарының аукционы, ағылшын тілінде оқу құралдары мен материалдарының көрмесі өтті. Сондай-ақ, ҚазҰУ-дың имидждік өнімдерінің сатылымы болды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі