Студенттер арасында аэробикадан фестиваль өтті

27.04.2012

Көрулер: 2546

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешенінде аэробикадан факультетаралық фестиваль өтті. Биыл фестиваль ашық түрде өткізіліп, Алматы қаласының жоғары оқу орындарының командалары шақырылды. Жарыс «Спорттық аэробика» және «Біртума жанр» номинациялары бойынша өтті. Фестивальға 13 факультеттің 24 командасы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университет, Қазақ қыздар педагогикалық университеті, Санкт-Петербергтың кәсіпорындар университетінің Алматыдағы филиалы, Каспий әлеуметтік университет командалары қатысты. Қазылар алқасы ретінде Алматы қаласы фитнесс және аэробика Ассоциациясының Президенті Элина Алимжанова бастаған аталған ассоциацияның мүшелері шақырылды.


Фестиваль нәтижесі бойынша «Спорттық аэробика номинациясында» 1 орынға филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 2 курс студенттер командасы ие болды, 2 орынға – Экономика және бизнес Жоғары Мектебінің 2 курс командасы, 3 орынды Химия және химиялық технология мен Халықаралық қатынастар факультеттерінің 2 курс студенттер командалары өзара бөлісті.

«Біртума жанр» номинациясында 1 орынға Санкт-Петербургтың кәсіпорындар университетінің Алматыдағы филлиалынан құралған команда иеленсе, 2 орынды ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің 2 курс студенттері, 3 орынды журналистика және физика-техникалық факультеті 1 курс студенттерінен біріккен команда иеленді. Сондай-ақ, негізгі номинациядан басқа да бірнеше номинация бойынша марапатталды. Мисс «Фитнесс» - Жұмабекова Анель 2 курс ЭБЖМ, Мисс «Улыбка» - Садибекова Айдана, 2 курс Халықаралық қатынастар факультеті, Мисс «Хип-Хоп» - Егеубаева Алия 2 курс Филологии, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, Мисс «Звезда Востока» - Жоланова Гульназ 1 курс География және табиғатты пайдалану факультеті, Мисс «Креативность» - Дусбаева Меруерт 1 курс тарих, археология және этнология факультеті, «Мисс Грация» - Бегимова Асель 2 курс Химия және химиялық технология факультеті, «Үздік костюм» - 1 курса Философия және саясаттану факультетінің тобы, «За волю к победе» - 2 курса физика-техника факультеті командасы.

Спортклуб