«100 кітап» аясында кеш өтті

27.04.2012

Көрулер: 1888

Жуырда халықаралық қатынастар факультетінде «100 кітап» апталығының аясында Дипломатиялық аударма кафедрасының куратор-эдвайзерлеріГ. Абдвахитова, Г. Тілеужанова халықаралық құқық 13,15 топтарының студенттерінің қатысуымен «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған...» атты М.Мақатаевқа арналған шығармашылық кеш ұйымдастырды. Кешке факультеттің аға куратор-эдвайзері Гүлшат Ахметалиева, дипломатиялық аударма кафедрасының доценті Г.Сулейменова қатысты.

Мұқағалидің өмірбаяны бойынша факультет студенттері көркемсөз оқу дәстүрін жаңғыртып, ақынның «Мен деп ойла» атты өлеңімен аяқтады.

Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.