ҚазҰУ студенттері 100-ге жуық шырша отырғызды

25.04.2012

Көрулер: 1791

25 сәуір күні Іле Алатау табиғи саябағының ұйымдастыруымен өткен «Жер – бізге және ұрпаққа!» атты акциясына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Энерго эколог» клубы мен Студенттер Сенаты қатысты. Акция қатысушылары «Горное солнце» лагерінің ауласында 100-ге жуық шырша ағаштарын отырғызып, абадаттандырды.

Жас ұрпақтың бойында еңбек-экологиялық тәрбиені дамытатын мұндай іс-шара Отансүйгіштер қатарын арттыратыны сөзсіз.

Жастар ұйымдары комитеті