«Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер» тақырыбында дәрістік кездесу өтті

25.04.2012

Көрулер: 2042

24 сәуірде заң факультетінде Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік төлемдердің түрлері, олардың тағайындалуы жөнінде жалпылай түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер» тақырыбында дәрістік кездесу өткізді.

Аталған іс-шараға Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментінің директоры Зиядин Ағымбетов, Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары Гүлсара Алтынбекова, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ ақпаратпен қамтамасыз ету және талдау департаментінің директоры Гүлбағила Болатбекова, Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Халықова, Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі Орталығы Алматы қалалық филиалының директоры Біржан Жүнісов, Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі Орталығы Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Гүлшат Баешева, Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті Зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы Ардақ Шәмиева, Алматы қаласы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті еңбек қатынастарын бақылау бастығы Шолпан Есентаева, факультет декандарының орынбасарлары, «Парасат», «Сұңқар» кәсіподақ төрағалары (төрайымдары), аға куратор-ұйымдастырушылар, соңғы курс студенттері қатысты.

Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент