Жалпыуниверситеттік Наурыз тойланады

13.04.2012

Көрулер: 2227

14 сәуір сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Наурыз мерекесі тойланады. Іс-шараға студенттер, оқытушылар, қызметкерлер мен университет ақсақалдары қатысады. Арнайы құттықтау сөзімен ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов, ақсақалдар Кеңесінің мүшелері, шетелдік қонақтар сөйлейді.

Ректораттың алдындағы орталық алаңында мереке қонақтарын студенттер мен университеттің шығармашылық тобы дайындаған концерттік бағдарлама мен театрландырылған көріністер күтіп тұр. Ұлттық-мәдени орталықтар мен эстрада жұлдыздары мерекеде өз өнерлерін ортаға салады.

Сонымен қатар, келушілердің барлығы наурыз көже мен бауырсақ, ұлттық тағамдардан дәм татып, спорттық жарыстарға қатысып, жәрмеңкені аралап, алтыбақан тебе алады. Сондай-ақ, Наурыздың алдында өткізілген тазалық байқауының қорытындысы жарияланады.

«Парасат» кәсіподақ қызметкерлері «Үздік факультет», «Үздік кафедра», «Үздік кафедра», «Үздік оқу ғимараты», «Үздік жатақхана» номинациялар бойынша дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырады.

Кешкі сағат 18:00 Студенттер сарайында «Миллион раушангүл» қойылымының премьерасы болады. «Миллион раушангүл» ҚазҰУ-дың «Біз» студенттік театрының орындауында көрсетіледі.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі