«Біз» студенттер театры көрермен назарына «Миллион раушан гүл» қойылымын ұсынады

13.04.2012

Көрулер: 1813

14 наурыз сағат 18.00.-де Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Біз» студенттер театры көрермен назарына «Миллион раушан гүл» қойылымын ұсынады.


Құрылғанына алты жылдың көлемі болған «Біз» театры осы уақытқа дейін «Адаспаңдар», «Той», «Кешіріңіз, сізді ажал күтіп тұр!» «Бағдаршам» сынды тәрбиелік маңызы зор спектакльдер мен «Ол көктем оралмайды» атты мелодрамалық қойылымын қойып өз көрерменін жинап үлгерді.

Алты жастағы жас театр бұл көктем маусымында жаңа мелодрамалық қойылыммен көрермендермен қауышпақ. «Миллион раушан гүл» сценарийін театр студенттерінің өздері жазған. Қойылым режиссері – Ғалымжан Сайлаубеков.

Ақ махаббат пен пәк сезімдердің куәсі болғыңыз келсе, 14 сәуір күні сағат 18.00-де Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайына асығыңыз. Айтпақшы, міндетті түрде сүйіктіңізді ерте келіңіз! (Кіру тегін)

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі