Білімді жастарға жаңа мүмкіндіктер

12.04.2012

Көрулер: 3169

Сеул университетіне (Оңтүстік Корея) магистратура және PhD докторантураға шәкіртақы бағдарламасы бойынша құжат қабылдау уақыты басталды. Құжаттар төмендегі техникалық мамандықтар бойынша іріктеліп алынады: архитектура, экология, физика, биология, инженерия, химия, компьютерлік инженерия, геоинформатика, нано-технология және т.б.


Үміткерлерге қойылатын талаптар: GPA көрсеткіші 3,5-тен жоғары, факультет деканының атынан жазылған ұсыныс-хат, ағылшын тілін жетік меңгеру.

Құжаттар ағымдағы жылдың 20-сәуірге дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық ынтымақтастық департаментінде қабылданады.

Қосымша ақпаратты келесі сілтеме бойынша ала аласыз: http://icd.kaznu.kz/0/Main/NewsBrowser/20