Дәстүрлі А.М. Оразбаев оқулары

10.04.2012

Көрулер: 2074

26-27 сәуір күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археология, этнология және музеология кафедрасында А.М.Оразбаевтың 90 жылдығына орай өткізілетін «XIX ғасырдың Отандық археология мен этнология мәселелері мен жетістіктері» тақырыбындағы «IV Оразбаев оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция басталады.


Конференцияда келесі бағыттағы мәселелердің талқылануы жоспарланады:

  • Археология мен этнологиядағы теориялық және әдістемелік аспектілер;
  • Еуразия материгіндегі тас ғасырын зерттеу мәселелері мен нәтижелері,
  • Орталық Азия мен іргелес өңірлерді мекен еткен ежелгі және ортағасырлық көшпенділердің материалдық және рухани мәдениеті;
  • Қазақстан, іргелес аймақтарда орналасқан ортағасырлық қалалардың кенттенуі, локализациялануы, материалдық мәдениеті;
  • Тарихи этнология;
  • Қазіргі Қазақстандағы этномәдени үдерістер мен этникалық тарихтың жалпы және өзекті мәселелері;
  • Археологиялық ескерткіштерді зерттеу, сақтау, музеефикациялау және насихаттау;
  • Қазақстандық танымал археологтар мен этнологтарды еске алу, олар жайлы ойлану.

Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Ұйымдастырушылық комитеттің мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, ГУК-3, 4-7 кабинеті.

Жуматаев Ринат Серикович

жұмыс тел.: +7 (727) 377 33 19;

ұялы тел.: 87059654496, 87028530858;

е-mail:rinat82.08@mail.ru

Эгамбердиев Мырзахан Шарипбайулы

жұмыс тел.: +7 (727) 377 33 19;

ұялы тел.: +7775229 87 85

е-mail:mirzahan_1974@hotmail.com