ҚазҰУ-2012 бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне келіңіздер

10.04.2012

Көрулер: 1926

Құрметті бакалавриат, магистратура және PhD студенттері!

27 сәуірде 2012ж. сағ. 10:00 ден 15:00 дейін Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында ҚазҰУ-2012 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Қазақстанның 50 ірі компанияларының бос орындары мен стендтік сессиясы жұмыс жасайды. Компаниялар ұсынған бос жұмыс орындарымен танысып, өз түйіндемелеріңізді қалдыра аласыздар.

ҚазҰУ-2012 бос жұмыс орын жәрмеңке қатысушылары ішінде GSM Казахстан, «Казатомпром» АҚ, «Самрұқ-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., KPMG, Хоум Кредит Банк, АТФ банк, Темірбанк, БанкЦентрКредит, АҚ «Алматы қаласының Аймақтық қаржы орталығы», Кока-Кола Алматы Боттлерс, Астана Моторс, мемлекеттік құрылымдар, ғылыми-зерттеу институттары және т.б.

Бос жұмыс орындар жәрмеңке бағдарламасында: компания презентациялары, магистратура мен PhD докторантура бағдарламалары, шет мемлекеттерде оқу бағдарламалары, мастер-класс «Профессионалдық ортада мансапты табысты құру», тренинг «Әңгімелесуді жақсы өту технологиясы», студенттердің қолдан жасаған жұмыстар аукционы, ағылшын тілінде оқу құралдары мен материалдарының көрмесі, студенттік бизнес-инкубатор «Сувенирная лавка» имидждік заттарының презентациясы, лотерея билеттерінің ұтыс-ойыны (Қазақстанның ең ірі компанияларында ақысыз тәжірибе өту, түлектер виньеткасы, сонымен қатар басқада сыйлықтар).

Қатысушыларды тіркеу 10.00-де басталады.

Жұмыс таңдауда өз мүмкідігіңді жіберіп алма! ХХІ ғасырдың мансабын құр!