Наурыз ағылшын тілінде тойланды

10.04.2012

Көрулер: 1938

Сәуірдің 6-сы күні Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіне қарасты Гуманитарлық шет тілдер кафедрасының «LINGUA» шет тілдер клубы аясында аға оқытушылар Г.Х. Исенғалиева, В.А. Юрпольская, Н.А. Ештаеваның ұйымдастыруымен Шығыстану факультетінің 1 және 3 курс студенттері арасында НАУРЫЗ мейрамына арналған ағылшын тілінде: «Британия және Америка туралы не білесіз?»; Мәнерлеп өлең оқу; Қазақ, орыс тілдеріне өлең аудару; Махаббат пен достық тақырыбына арналған авторлық өлеңдер шығару; «Наурыз-2012» тақырыбына қабырға газетін шығарудан жарыстар өтті.

Жылда өткізілетін бұл жарысқа студенттер қызығушылықпен қатысты. Студенттер өнерлерін, аудармашылық, суретшілік шеберліктерін көрсетті. Барлық жарысқа қатысушылар тиісті сыйлықтармен, грамотамен марапатталды.