17 сәуірде «Жетімдері жоқ қоғам құра аламыз ба?» атты студенттік пікір-сайыс өтеді

06.04.2012

Көрулер: 2359

«Көмек» еріктілер қозғалысы физика-техникалық факультетінде 17 сәуір күні, сағат 16.00-д, «Жетімдері жоқ қоғам құра аламыз ба?» атты пікір-сайыс өткізеді.

Пікір-сайыстың мақсаты студенттерді әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдық мәселелерге немқұрайлықпен қарамауға, сонымен қатар жетім балалаларға қол ұшын беруге шақыру.

Пікір-сайыс қонақтары: жастар қоғамының өкілдері, «Алтын сапа» және «Ел тұтқа» клубының өкілдері.