«Миллион раушан гүл»...

06.04.2012

Көрулер: 1413

14- сәуір күні сағат 18.00-де А. Ө. Жолдасбеков сарайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Біз» студенттер театры көрермен назарына «Миллион раушан гүл» қойылымын ұсынбақ.

Құрылғанына алты жылдың көлемі болған театр осы уақытқа дейін «Адаспаңдар», «Той», «Кешіріңіз, сізді ажал күтіп тұр!» «Бағдаршам» сынды тәрбиелік маңызы зор спектакльдер мен «Ол көктем оралмайды» атты мелодрамалық қойылымын қойып өз көрерменін жинап үлгерді . Алты жастағы жас театр алда келе жатқан мейрамға орай жаңа мелодрамалық қойылыммен ҚазҰУ жастарын сүйіншілемек. Сценарийін театр студенттерінің өздері жазған. Қойылым режиссеры – Сайлаубеков Ғалымжан. Қазіргі уақытта қызу дайындық үстіндеміз.

Ақ махаббат пен пәк сезімдердің куәсі болғыңыз келсе, 14- сәуір күні, сағат 18.00-де А. Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайына асығыңыз. Айтпақшы, міндетті түрде сүйіктіңізді ерте келіңіз! (Кіру тегін)