«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуының 20 жылдығын - лайықты қарсы алу»

20.03.2012

Көрулер: 2357

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасы және Алматы қаласының мұғалімдерінің мамандығын жетiлдiру Институты Алматы қаласының орта мектептерінің және гимназияларының алғашқы әскери дайындық мұғалімдерімен нұсқау-әдiстемелiк семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар әскери кафедрасының құрал-техникасы базасымен, интерактивтік лазерлі тирмен, мотоатқыш әскери жаттығу-машықтандыру полигонымен, Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлықтағы әскердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қарулары мен техникасымен жабдықтаған аудиториясымен, электронды және оқу кітапханасымен қызығып танысты.

Семинардың барысында қатысушылар интерактивтік лазерлық тирда Калашников автоматынан және Макаров пистолетінен бақылау жаттығуларын өткізді. Компьютерлік сыныптарда сабақ барысында қолданылатын интерактивтік лекциялық және презентациялық оқу материялдарымен көрсетілім сабақтары өткізілді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға түсуге оқушыларды даярлау үшін кәсiптiк бағдарлау оқу жоспарын есепке алумен, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуының 20 жылдығын - лайықты қарсы алу» жұмыс жоспары бойынша нұсқау-әдiстемелiк семинарына, әскери кафедраның басшылығы және профессорлық-оқытушы құрамы белсене қатысты.

Қорытындыны жинақтауда семинар қатысушылары басшылыққа және жеке әскери кафедрасының бастығы полковник Степаненко О.Е., оқытушы-профессорлық құрамына, жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанына және сапалы сабақтар өткізгеніне алғыс білдірді.

Әскери кафедра