«Біртұтас экономикалық кеңістік жаңа экономиканы құрудың негізі ретінде» - халықаралық конференция

16.03.2012

Көрулер: 2316

16 наурызда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде «Біртұтас экономикалық кеңістік жаңа экономиканы құрудың негізі ретінде» атты екі күндік халықаралық ғылыми конференция өз жұмысын бастады.

Қазақстандық, алыс және жақын шетелдік ғалымдар Еуразия кеңістігіндегі жеделдететін инновацияның дамуын және интеграциялық үдерістердің рөлін, экономикалық ғылымның теориялары мен әдістемелерін, экономикалық саясаттың өзекті сұрақтары мен экономикалық кадрларды дайындау артықшылықтары қарастырылады.

Конференцияның секциялық мәжілістерінде инновациялық менеджменттің рөлі мен теориялық тәжірибелеріне кеңінен тоқталып, бухгалтерлік есеп пен аудиттің қаржылық жүйелерін жетілдіру мәселелелері талқыланады, сонымен қатар кәсіпкерлік университетінің моделін құру бойынша TEMPUS бірлескен халықаралық жобаның нәтижелері ұсынылады, жоғары білім жүйесі мен ғылым және инновациялық бизнестің арасындағы өзара байланысты нығайтады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі