ҚазҰУ-да MDP «Global Classroom» бағдарламасы бойынша магистранттарды оқытудың екінші курсы басталады

15.03.2012

Көрулер: 2226

ҚазҰУ-да Колумбия университеті «Climate Justice Human Rights & Development» MDP «Global Classroom» бағдарламасы бойынша магистранттарды оқытудың екінші курсы басталады

Курс әлемдегі климаттық өзгерістердің заманауи мәселелерін шешу, сонымен бірге тұрақты дамудың тәжірибелерін үйрету алаңы болып табылады.

Оқыту бағдарламасы әлемдегі климаттық өзгерістердің және қоршаған орта ластануын шешуде жетекші идеялардың орталығы болып табылатын Мэри Робинсон қорының қолдауымен өтеді.

«Integrated Approaches to Sustainable Development Practice, 2011» алдыңғы курсы ҚазҰУ-да 2011 жылдың желтоқсан айында қорытындыланып, нәтижесінде магистранттар осы жылдың қаңтар-ақпан айларында Колумбия университетінде тағлымдамадан өтіп қайтты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі