ҚазҰУ студенті универсиадада алғашқы медальға ие болды
29.07.2023
Көрулер: 6347
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Жұбатқан Сұңғат Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік универсиадада дзюдо бойынша жекпе-жек сайыста қола медаль иегері атанды.
Спортшымызды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Универсиада 8 тамызға дейін жалғасады. Қытай жерінде еліміздің атынан сайысқа түсетін өзге де спортшыларымызға сәттілік тілейміз!