Студенттер өндірістік тәжірибеден өтті

20.07.2023

Көрулер: 1140

 Химия және химиялық технология факультетінің 2-курс «6B07201 – Фармацевтикалық өндіріс техноло­гиясы», 3-курс «6В07104 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша орыс және қазақ топтарының студенттері биылғы көктемгі семестрге жоспарланған өндірістік тәжірибесін Алматы облысының Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі, Көкөзек ауылында орналасқан «Келун-Қазфарм» ЖШС базасында өтті. Алғашқы күні студенттер өндірістің қауіпсіздік стандарттары және ережелерін сақтау жолдарымен танысты.

Содан кейін арнайы бөлімде өнімнің сапасын бақылау процестеріне қатысты. Білім алушылар сапа бөлімінің фи­зика-химиялық талдаулар жүргізу, тұрақтылық сынағы және өнімнің сапа стандарт­тарына сәйкестігін бағалау жұ­мыс­тарын көрді. Сонымен қатар мамандар оларға зама­науи физика-химиялық әдістер­дің құрылғылары мен үлгілерді алу тәсілдерін түсіндірді. Сту­дент­тер А блогы бөлігіндегі ерітінді түріндегі дәрілерді дайын­дау мен құю процесімен толық танысты. Әр блоктағы топтық жұмыстар студенттер үшін тәжірибенің маңызды бө­лігі болды. Себебі олар бірлесіп жұмыс істеу, идея алмасу және мәселелерді бірге шешу сияқты командалық жобаларға қаты­сып, жұмыстың нәтижелі бола­тынын білді. Мұндай жұмыстар тиімді қарым-қатынас жасау­ды, басқалардың пікірін тың­дауды және ымыраға келуді үй­ренуге көмек берді. Өз білімдерімен, тәжірибелерімен бөліскен кәсіби мамандардың жетекшілігімен жұмыс істеудің қыр-сырын үйренді.

Көршілес Ресей, Қырғыз­стан т.б. көптеген елдермен келісімдері бар, жұмысы қайнаған ортада студенттер алған теориялық білімді тәжі­рибемен ұштастырудың мүм­кін­діктерін көрді. Бұл ком­панияда жұмыс істейтін басты мамандардың көпшілігі біздің факультеттің түлектері екені аса қуантты.

Тәжірибе соңында «Келун-Қазфарм» компаниясына өнді­рістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріп, студенттердің тәжірибесін шыңдағаны үшін ұйымға алғыс айтамыз. Бұл тәжірибе студенттердің бола­шақ мамандығына берік негіз болатынына және фармацев­тика саласында табысқа же­туіне ықпал ететініне сенімді­міз.

Орынкүл ЕСІМОВА,

Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының доценті

Жадыра ТӘТТІБАЕВА,

оқытушы