Талапкерлерге арналған шатырлы қалашық бой көтерді

05.07.2023

Көрулер: 2043

ҚазҰУ кампусында қабылдау комиссиясының қызметі мен талапкерлерге арналған ақпараттарды бөлісу мақсатында шатырлы қалашық бой көтерді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясының жұмысы қызу жалғасуда. 1 маусымда электрондық кезек іске қосылып, техникалық хатшылардың жұмысы, сонымен қатар оқыту-үйрету семинарлары ұйымдастырылды. Әр факультеттен кәсіби бағдар беру жұмысында тәжірибесі бар мықты оқытушылар командаға тартылды.

2023 жылдың 1 шілдесінде қабылдау комиссиясы «жаңаша кемпингті» іске қосты. 16 шатырда факультеттердің білім беру бағдарламалары таныстырылып, толық ақпарат беріледі. Әрқайсысының өзіндік ерекшелігін тек білікті әрі өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын оқытушы ғана айта алады. Гранттар байқауы кезеңінде оқытушылар қатарына ерікті студенттер мен жұмыс берушілер де қосылады деп сенеміз. Негізгі міндет – еліміздің жетекші университетінің шығармашылық кампусының атмосферасын құру.

Биыл қабылдау комиссиясы докторантураға түсуге дайындықтың қарқынды курстарын бастады. Сонымен, тест тапсыруға дайындалу үшін қазақ және ағылшын тілдерінің курстары, докторантураға түсу үшін құжаттардың толық пакеті дайындалды. Сонымен қатар шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды (IELTS, TOEFL IBT, GRE) тексеру осы дерекқорларға қол жеткізудің арқасында оны 15 минут ішінде жүзеге асырады.


Қабылдау комиссиясы бір айдағы жұмыс барысында факультеттермен бірге «Almaty – Career Day» жеті бос жұмыс орны жәрмеңкесіне және қалалық әкімдік ұйымдастырған кәсіптік «Career Time» бағдар беру фестиваліне қатысты. Онда кәсіптік бағдар беру жұмыстары факультеттермен бірге Алматы қаласының барлық аудандарында ұйымдастырылды.

Сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарына бөлінген мақсатты білім гранттарына құжаттарды қабылдау үшін Ақтау және Атырау қалаларына екінші сапар дайындалуда. Жақында «қызу науқан» басталады. Бұл жаңа маусымда көшбасшы университеттің есігін айқара ашатын шығармашылық, арманшыл энтузиаст жастардың жаңа легі келетініне сенеміз. Қош келдіңіз, жас талапкер!

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі