Al-Farabi Business School түлектеріне диплом табысталды

05.07.2023

Көрулер: 1794

Al-Farabi Business School-да «Іскерлік әкімшілендіру (МВА)» бағдарламасының түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өткізілді. Түлектердің басым бөлігі бизнес иелері, сондай-ақ түрлі компаниялардың орта және Қазақстанның 12-ден астам өңірінің түрлі ұйымдары.

Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ләззат Еркінбаева және Басқарма мүшесі – операциялық қызмет жөніндегі проректор Әсел Уәлиева түлектерді бағдарламаны сәтті аяқтауларымен және MBA дәрежесін алуларымен құттықтап, сәттілік және табыс тіледі.

Өз кезегінде түлектер МВА бағдарламасы тек білім беру жобасы ғана емес, бизнес пен тұлғалық даму үшін бірегей инвестиция екенін атап өтті. Олар бағдарлама оқытушылары мен ұйымдастырушыларына бірегей білім алуға және кәсіби өсудің жаңа сатысына көтерілуге мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

Ресми құттықтау бағдарламасынан кейін естелік фотосессия және мерекелік фуршет өтті.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі