ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі марапатталды

04.07.2023

Көрулер: 1936

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ақпарат және коммуникациялар департаментінің қызметкерлеріне марапаттар мен сертификаттар табысталды.

Оқу орнының басшысы Жансейіт Түймебаев Баспасөз қызметін кәсіби мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.


Қазақстан Президентінің «Әділетті Қазақстанды құру үшін қоғамда құндылықтар жүйесін жаңғыртып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастырудың мән-мағынасы зор.

Бұл бағытта еңбекқорлық пен білімпаздықты, адал азаматқа тән қасиеттерді дәріптейтін масс-медиа өкілдері айрықша рөл атқарады.

Бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық диалог жүргізудің ашық алаңына айналып, мемлекет пен қоғамның өзара байланысын нығайтуға зор үлес қосып жүр", – деген сөзіне тоқталып, университет қызметін насихаттап жүрген журналистерге алғысын жеткізді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін Ақпарат және коммуникациялар департаментінің Ақпарат және мониторинг секторының басшысы Гүл Баяндинаға, «Қазақ университеті» газетінің бас маманы Күләш Қадырбаеваға және Қайыржан Төрежановқа тапсырды.

Ал ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлының «Алғыс хатымен» Ақпарат және мониторинг секторының бас сарапшысы Светлана Өмірғалиева марапатталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың «Алғыс хатына» Баспасөз қызметі басқармасының бас сарапшысы Гүлзат Табын, «Фараби медиа» басқармасының басшысы Бақыт Әмірбек, Ақпарат және коммуникациялар департаментінің бас маманы Марат Жүнісбеков, «Фараби медиа» телестудиясының бас сарапшысы, оператор-бейне-монтаждаушы Убайда Шертаев, «Фараби медиа» телестудиясының жетекші маманы, оператор Еркебұлан Нұрдәулет, «Фараби медиа» телестудиясының жетекші маманы, 3Д дизайнер Бақытнұр Әбдікәрім лайық деп табылды.

Сондай-ақ жиын барысында университет басшысы "Фараби университеті" сайтының бас дизайнері Заман Кетебаевқа, Ақпарат және коммуникациялар департаментінің бас маманы Еңлік Ақжігітке «Парасат» кәсіподағының арнайы сертификаттары табысталды.

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сертификаттары Ақпарат және коммуникациялар департаментінің мамандары Шерхан Молдахмет, Нұрсұлтан Жексенбаев, Еңлік Ақжігіт және Нұргүл Өнербекке берілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі