Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

02.07.2023

Көрулер: 969

 

  • Жансейіт Түймебаев Алматы қаласындағы ҚХР-дың бас консулы Цзян Вэймен жүздесті. 
  • ҚазҰУ басшысы «KazNU-NPU research frontier workshop» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
  • Ректор оқу ордасы қызметкерлерінің «Парасат» кəсіподақ ұйымының төрағасы, профессор Талғат Мекебаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Отан тарихының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, баяндама жасады. 
  • Жансейіт Түймебаев Гарвард университетінің және ҚазҰУ-дың профессоры, Географиялық талдау жасау орталығының зерттеуші-ғалымы, тарихшы Нұрлан Кенжеахметпен кездесу өткізді. Жүздесуде тараптар «Көне Түркі қағанатының тарихи географиясы» атты монографияны жазу бойынша өзара пікір алмасты. 
  • Жансейіт Түймебаев «Қазақстан – Ресей: білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер, инновациялар және мүмкіндіктер» атты халықаралық конференциясында сөз сөйледі. 
  • Ректор ХІІ жазғы универсиада ойындарында жеңіске жеткен оқу ордасының спортшыларын марапаттап, университет абыройын арттырғаны үшін алғысын білдірді.
  • Жансейіт Қансейітұлы Ғылыми кеңес отырысын өткізді. 
  • ҚазҰУ басшысы барша қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен, Дипломатиялық қызмет күнімен, БАҚ қызметкерлері күнімен және Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады.