ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

02.07.2023

Көрулер: 969

Құрметті Әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары,

студенттері, магистрант-докторанттары!

 

Сіздерді Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерекелік лебізінде: «Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген қара домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз», – деп атап өтті.

Киелі аспап ұлттық тәрбиенің негізін қалап, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді.

Жастар арасында қос ішекте ойнайтын таланттар саны артқан сайын мәдениет пен өнеріміз дамып, халықтың рухани келбеті қалыптасады.

Ендеше ғасырлар қойнауынан жеткен күй шежірелеріміз бен ән-аманатымыз үзілмей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!

 

Құрметпен,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ