ҚазҰУ-дың интерактивті веб-сайты іске қосылды

27.06.2023

Көрулер: 2303

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жаңа веб-сайты іске қосылды.

ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, сайт оқуға құжат тапсыратын талапкерлер мен студенттерді және оқытушы-профессорлар құрамын университет қызметімен ақпараттандыруға арналған. Кәсіби талаптарға сай дизайнмен әрленген интерактивті сайт жеңіл басқарылады. Сонымен бірге университеттің электронды кітапханасымен, Univer, Power bi аналитикалық жүйелерімен интеграцияланған. Cайтта студенттер мен талапкерлерге қажетті білім беру бағдарламаларын жедел іздеу жүйесі мен онлайн-төлем қызметі қосылған.

Навигациясы ыңғайлы сайт құрылымы екі рет басу арқылы қолданушыларға қажетті мәліметтерді жылдам табуға мүмкіндік береді.

Жаңа сайттың негізгі артықшылықтары:

– заманауи, қолдануға ыңғайлы UI / UX дизайн;

– икемді, масштабталатын микросервистік архитектура;

– барлық мобильді құрылғыларға жылдам бейімделеді;

– университеттің тұтас әрі бірізді экожүйесін қалыптастыру үшін барлық басқа веб-жобаларға негізгі сайттың дизайн жүйесі таралады.

Әзірге жаңа сайт www.farabiuniversity.kaznu.kz доменімен пилоттық режимде жұмыс істейді. 2023 жылдың 3 шілдесінен бастап www.farabi.university доменіне көшіріліп, толыққанды қызметіне кіріседі.

Бұл аралықта 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан kaznu.kz сайты да қатар қолданыста болмақ.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі