ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ – THE AUR 2023 РЕЙТИНГІНДЕ ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ

23.06.2023

Көрулер: 30262

2023 жылғы 22 маусымда Times Higher Education рейтингтік агенттігінің ресми сайтында Times Higher Education Asia University Rankings 2023 (THE AUR) рейтингінің нәтижесі жарияланды.

Times Higher Education Asia University Rankings 2023 (THE AUR) рейтингінің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан мен Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында бірінші болып Топ-351-400-ге кірді. Бұл ретте ҚазҰУ бірқатар индикаторлар бойынша позицияларын жақсартты және 50 позицияға көтерілді. Университет ең жақсы нәтижелерді келесі көрсеткіштер бойынша көрсетті: дәйексөз, индустрия, зерттеу және оқыту.

2013 жылдан бастап жыл сайын шығарылатын THE AUR рейтингі Азияның үздік университеттерін көрсетеді. Биыл бұл рейтингке Азия өңірінің 1000-ға жуық университеті қатысты, олардың арасында Цинхуа университеті, Пекин университеті, Сингапур ұлттық университеті, Гонконг университеті сияқты т.б. әлемдік аты бар жоғары оқу орындары бар.

ҚазҰУ озық ғылыми ұйымдармен және әлемнің танымал жоғары оқу орындарымен жемісті ынтымақтастық пен коллаборацияның арқасында THE AUR рейтингінде өз позициясын нығайтты.

Халықаралық ынтымақтастық пен ғалымдардың жарияланымдық белсенділігінің белсенді дамуы зерттеу университетінің мәртебесін растайды.

Университет ұжымын жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!

Рейтинг нәтижелерімен толығырақ сайттан танысуға болады:

https://www.timeshighereducation.com/world-university-rankings/2023/regional-ranking

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі