ҚазҰУ командасы волейболдан XII жазғы универсиаданың жеңімпазы атанды

22.06.2023

Көрулер: 1446

Еліміздің ЖОО студенттері арасында өтіп жатқан XII жазғы универсиада ойындарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрама командасы волейбодан 1-орынды иеленді.

Оқу ордасының спортшылары кезекті жеңістерімен ҚазҰУ ұжымын қуантуды жалғастыруда. Волейбол жарысына еліміздің 15 қаласынан 21 команда қатысты. Финалдық бәсекеде ҚазҰУ командасы ХҚТУ құрама командасын жеңіп, волейболдан ҚР жоғары оқу орындары арасындағы универсиаданың жеті дүркін чемпионы атанды.

Команда құрамында медицина және денсаулық сақтау факультетінің студенттері Нұрсұлтан Рақымбеков, Берік Жолдасбек, Искандар Ергашев, Жан Мақсұтхан, Александр Измайлов, Ернұр Омар, заң факультетінің студенттері Ислам Тұрсынов, Нұрперзент Топар, Артем Ровкин, Семург Турдиниязов және шығыстану факультетінің студенті Дінмұхаммед Қабдулов бар.

Жеңіске жету жолында команданы лайықты дайындаған жаттықтырушылар – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт клубының аға оқытушылары Виктор Журавлев, Наталья Вишнякова, Галина Синельникова.

Спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі