Білімдегі цифрландыру мүмкіндіктері

19.06.2023

Көрулер: 1160

«Цифрландыру тұтас елдер мен өңірлердің бәсекеге қа­білеттілігін анықтаушы факторға айналды. 2025 жылға қарай әлемдегі цифрлық нарық 50 пайызға артып, 6,8 триллион долларға жетеді деп болжанып отыр. Болжам бойынша 10 жылда әлемдегі тауар өндірісі мен көр­се­тілетін қыз­мет­тердің 70 пайызында цифрлық техно­ло­гиялар қолда­ны­лады. Бұл үрдістің Қазақстан үшін аса маңызды екенін анық түсінеміз. Басқаша айтқанда, цифрландыру біз үшін ұлттық маңызы бар мәселеге ай­налды. Біз Еуразиядағы ең ірі әрі озық цифрлық хаб­тар­дың бірі болуды көздеп отырмыз», – деді Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда өткен шетелдік инвесторлар саммитінде.Мемлекет басшысы жуырда әлемдегі 62 ел Орталық Азия­­ның орнықты дамуы үшін Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының цифрлық шешімдер орталығын құру туралы бас­та­масын бірауыздан қолдағанын айтты. Цифрлық дамуға біздің Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де қомақты үлес қосып отыр. Оны төмендегі мақаладан оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті елі­міз­дегі же­текші жоғары оқу орны ретінде нарықта сұранысқа ие кадрларды даяр­лау бағытында мақ­сатты жұмыстар жүргізуде. Қазақстан­да жоғары оқу орын­дарындағы бі­лім беруді цифрландыру – бұл са­ланы рефор­ма­лау үрдісін­де­гі басты тенденция­лар­дың бірі. Қа­зір әлем елдерінің өмірінде цифр­лық технологияның дамуы ше­шуші рөл атқарады. Ол эко­­­­но­ми­каның барлық саласын қам­тыған, онсыз ілгерілеу жоқ. Бү­гінде дамыған цифрлық ин­фра­құрылым білім беру жүйе­сі­нің маңызды бөлігіне айналды. Сон­дықтан білім беру ұйым­да­рын­да ІТ инфрақұрылымды, ци­фр­лық білім беру ресурстарын, ашық онлайн курстардың желі­ле­рі мен платформаларын дамыту, көр­се­тілетін қызметтерді авто­мат­тандыру – уақыт талабы.

Қара шаңырақ ҚазҰУ «Циф­р­лық Қазақстан» бағдарламасы аясында білім саласын цифр­лан­ды­руда алдыңғы қатарда келеді. ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансфор­ма­ция­лану бағытымен мақсатты түрде айналысуда. Былтыр университет QS әлемнің ең үздік жоғары оқу орындары арасында халық­ара­лық рейтингте 150-орынға тұрақ­тады. Бірнеше оқу бағдарла­ма­лары EUR-ACE® Label еуропалық сапа белгісін иеленген. ҚазҰУ қос­дипломдық жүйе бойынша шет­елдік жетекші жоғары оқу орын­дарымен 70-тен аса бағ­дарламаны жүзеге асырып отыр.

Ірі жоғары технологиялы кор­по­рациялар университеттің зерт­теу және білім беру жұмыстарын бірлесе атқаруға ниет білдірді. ҚазҰУ-да Hewlett-Packard, Cisco, Koniсa Minolta, Fujitsu, Samsung, Alcatel, Microsoft, «Касперский зертханасы», Huawei, SAP және тағы басқа әлемдік компания­лар­дың 16 ғылыми-білім беру ор­та­лықтары құрылған.

ҚазҰУ әлемнің 130-дан астам жоғары оқу орнын біріктіретін Жаңа Жібек жолы универси­тет­те­рінің альянсымен бірлесіп, ха­лық­аралық IT-технопаркін құрды. Бүгін­де ҚазҰУ-да IT-техно­ло­гия­ларды дамытудың негізгі бағыт­та­ры айқындалған. Атап айт­қан­да: университеттің қызметін ав­­то­­маттандыру үшін бұлтты тех­но­логиялар, кампустың ин­фра­құрылымын басқару мақса­тын­да smart-технологиялар, тал­дау жүйе­сiн қалыптастыру үшiн Big Data технологияларын енгізу, сондай-ақ ІТ қызметтерінің аут­сор­сингін дамыту жоспары бар. Осылайша әлемге әйгілі Microsoft компаниясы университеттің за­ма­науи IT-технологияларды да­мы­ту және кеңінен енгізудегі жұ­мысын жоғары бағалады. ҚазҰУ – Microsoft Campus Connections саммитінде «Э-кампус» жобасын ұсыну мүмкіндігіне ие болған ТМД елдеріндегі бірден-бір уни­вер­ситет. Бұл жоба компания өкіл­дері мен шетел универ­ситет­терінің қызығушылығын тудырды. Microsoft ҚазҰУ-дың страте­гия­лық әріптесі ретінде универ­си­тетте Microsoft Power BI бұлт бизнес-талдау қызметін енгізуде. Университеттің «E-campus» бағ­дар­ламасы аясында барлық биз­нес-процестер цифрлық фор­мат­қа ауыстырылды. Оқу процесін, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік-эко­но­микалық және әкімшілік-бас­қа­ру қызметін интеграциялық бас­қару заманауи байланыс құ­ралдарымен жабдықталған жағ­дай­лық басқару орталығымен қамтамасыз етілуде.

ІТ және қашықтан оқыту тех­но­логияларын белсенді дамыту ашық білім беруді дамытуға ық­пал етті. ҚазҰУ-дың жеке ашық онлайн-курстарын құру жөніндегі жұмысы ҚР Жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясы және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Ашық білім берудің ұлттық платфор­ма­сын (moocs.kz) құруға мүмкіндік берді. Бұл бастамаға Жаңа Жібек жолы университеттер альян­сы­ның жоғары оқу орындары да қолдау білдірді.

Соның ішінде білім беру са­ласында ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану фа­куль­теті Рекреациялық география және туризм кафедрасының ға­лым­дары да туристік салада бі­лік­ті де білімді мамандарды даяр­лау­да және университеттің қар­­қынды дамуына атсалысуда. Қа­зіргі уақытта кафедра «Ту­ризм», «Мейрамхана және қо­нақ­үй ісі» білім беру бағдарлама­ла­рының топтары бойынша ба­­­­­­­ка­лавриат – магистратура – PhD докторантура жүйесі бо­йын­ша жұмыс істейді. Кафедра 2012 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында алғаш рет дүниежүзілік туристік ұйым UNWTO TedQual жүйесінде турис­тік білім беру сапасын халық­ара­лық сертификаттау рәсімдерінен өтті. Мадридтегі UNWTO штаб-пә­те­рінде «Bachelor in Tourism» және «Master in Tourism» білім бе­ру бағдарламалары сапасының ха­лық­аралық стандарттарына сәй­­кес­тігі туралы дипломдар та­быс етілді. 2015 жылы бака­лав­риат, магис­тратура және док­то­ран­тура­ның білім беру бағ­­­дар­­ла­малары білім беру қыз­меттері нарығындағы көшбасшы­лық ұс­та­нымдарын растай оты­рып, FIBAA жетекші еуропалық аккре­дит­теу агенттігінің сапа сарап­та­масынан және аккре­дит­теуінен өтті. 2019 жылдан бастап ма­ман­данудың негізгі бағыт­тарына биз­нес-қоғамдастықтағы әріптес­тер­мен ынтымақтастықта іске асы­­рылатын және практи­ка­лық ба­ғытымен ерекшеленетін «Мей­рамхана ісі және қонақүй ме­недж­менті» бағыты қосылды.

Былтыр Рекреациялық гео­гра­фия және туризм кафе­дра­сы­ның білім беру бағдарламалары: B091 – Туризм бакалавриат және D143 – Туризм докторан­ту­ра білім беру бағдарламаларының тобы бойынша 2022 жылғы IARR рейтингіне қатысушы жоғары оқу орындарының арасында 1-орын алды және 7M11101 – Туризм магистратура білім беру бағдар­ла­маларының тобы бойынша 2-орынды иеленді.

Ғылыми-техникалық ын­ты­мақ­тастық туралы халықаралық шарттардың негізінде кафедра ТМД, алыс шетелдердің жетекші кафедраларымен, сондай-ақ шетелдік ғылыми ұйымдармен және орталықтармен тұрақты іс­керлік байланыстар мен әріп­тес­тік байланыстарды қолдайды. Олар­дың легі өте көп, бәрін бір­дей атап өту мүмкін емес.

Сонымен қатар ғалымда­ры­мыз «tourismkaz» мобильді қо­сым­шасын әзірледі. Оның автор­ла­ры – Рекреациялық география және туризм кафедрасының ға­лымдары. Жоба ҚР Ғылым қо­ры­ның қолдауымен жүзеге асы­­рылды. Доцент Әлия Ақ­тым­­­баеваның айтуынша, мо­бильді қосымша демалысын өз бетінше ұйымдастырғысы келетін турис­тер мен туристік қыз­мет­тердің әртүрлі түрлерін жет­кізу­ші­лер үшін бұлтты техно­ло­гиялар негі­зін­де біріктірілген деректер ба­засы бар екі нұсқада жасалған.

Сонымен, туристер онлайн ре­жимінде жергілікті туристік ай­мақ­тар туралы пікірлерді оқып, ор­на­ласқан жерін көре алады, қы­­­зығушылық турын құруға мүм­кіндігі бар, тапсырыс бере алады, кө­лік және трансфер, тұру, тамақ­тану, гид, аудармашы, экс­кур­со­вод қызметтеріне ақы төлей ала­ды. Сондай-ақ мобильді қо­­сым­­шада сапарға не әкелуге бо­латыны ту­ралы нұсқаулық, дема­лыс ор­нын­да QR кодтарын ска­­­нерлегеннен кейін демалыс кезеңінде тур­объек­тілер туралы пайдалы ақ­парат берілген. Бұл платформада туристік қыз­мет­тер­дің әртүрлі түрлерін жеткізушілер де тіркеле алады. Олар жеке ка­би­нет құра алады, оған өз ұсы­ныс­тары туралы ақпаратты жүктей алады және аумақтық қа­ғи­дат бо­йынша ту­рис­тік аймақтың және Қазақстанның басқа жет­кі­зу­ші­лерінің ұсыныс­та­рымен инте­гра­ция­лау есебінен сатуды ұлғай­та алады.

Университеттің негізгі стра­те­гия­лық мақсаты – жаһандық ғы­лым және білім кеңістігінде бә­секеге қабілетті әлемдік дең­­­гейдегі зерттеу университетін құру. Бұл мақсатты жүзеге асыру білім са­па­сын арттырып, озық шет­елдік тә­жі­рибелерді универ­си­тетке және Қа­зақстанның бас­қа да жоғары оқу орындарына ен­гізу барысын же­делдетеді. Біз­дің уни­верситет және кафедра ға­лым­­дары осы ма­ңызды мақ­саттың табысты жүзеге асуына барлық күш-жігерін жұ­м­сайтын болады.

Мархаба ТУМАЖАНОВА,

аға оқытушы

Гүлнар ОРЫНБАСАРОВА,

PhD, аға оқытушы