ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

18.06.2023

Көрулер: 1125

  • Жансейіт Түймебаев «Қазақстан – Әзірбайжан ынтымақтастығы: кеше, бүгін, ертең» атты ғылыми конференциясында баяндама жассды.
  • Ректор Әзірбайжан Республикасы Ұлттық Мәжілісі Мәдениет комитетінің төрайымы, Әзірбайжан – Қазақстан парламентаралық байланыстары жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, профессор, доктор Ганира Пашаеваның көшбасшылық дәрісіне қатысты.
  • Жансейіт Қансейітұлы түркі әлеміне танымал жазушы Мір Жәлел Пашаевтың қазақ тіліне аударылған «Таулардың жүрегі» атты кітабының тұсаукесер рәсіміне қатысты.
  • Жансейіт Түймебаев Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Чжао Сюймен кездесіп, бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
  • ҚазҰУ басшысы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (РОӘК) оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысында сөз сөйледі.
  • Ректор Ақтауда өтіп жатқан ХІІ жазғы универсиада ойындарында бадминтоннан, баскетболдан жеңіске жеткен спортшыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.