ҚазҰУ-дың баскетболдан қыздар командасы жеңіске жетті

15.06.2023

Көрулер: 1534

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Squirrels KazNU» студенттік әйелдер құрама командасы Ақтау қаласында өтіп жатқан 3х3 баскетболдан XII жазғы универсиаданың жеңімпазы атанды.

«Squirrels KazNU» ҚазҰУ командасының мүшелері Диана Бушмелева, Диана Хасенова, Аружан Аскерова және Мәдина Бейбіт өз шеберліктерін көрсетіп, 1-орынға ие болды.

Студенттердің XII жазғы универсиадасы 24 мамырда басталып, 24 маусымға дейін жалғасады. Айта кетерлігі, өткен жылы әр қалада универсиадалық спорттың 30 түрінен жарыстар өткізілсе, биыл олардың саны 17-ге дейін қысқартылып, Дүниежүзілік универсиада бағдарламасына енгізілген негізгі спорт түрлері таңдалды. Универсиада қатысушылары арасындағы барлық спорттық жарыстар Ақтау қаласында өтеді. Ұйымдастырушылар атап өткендей, қыздар арасындағы баскетбол жарысы жоғары деңгейде өтті, барлық қатысушылар жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Турнирлік кестеде ҚазҰУ жалпыкомандалық есепте 1-орында келеді.

Студенттік универсиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі