ҚазҰУ студентінің қатысуымен Қазақстан командасы жеңімпаз атанды

29.05.2023

Көрулер: 2276

Қазақстандық студенттер Huawei ICT Competition ақпараттық - коммуникациялық технологиялар байқауының әлемдік финалының жеңімпаздары атанды. Олардың қатарында ҚазҰУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінің 3-курс студенті Аида Бегайдарова бар. 


Шэньчжэнь қаласында өткен байқаудың қорытынды кезеңінде Қазақстаннан екі команда қатысты. Олар ХАТУ, Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ және Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ студенттерінің командасы Network Track бағытында бірінші орынды, ал Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ студенттерінің командасы Cloud Track бағытында үшінші орынды иеленді.

«74 елдің ішінен Қазақстан дегенде бұл естен кетпес сәт болды. Жеңіске жету үшін біз көп дайындалдық, бар күшімізді салдық. Әрине, тапсырмалар өте қиын болды, бірақ біз барлық білімімізді қолдануға тырыстық», – деді Huawei ICT Competition финалында бірінші орын алған команданың ҚазҰУ студенті Аида Бегайдарова.

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі