Макулатура жинау арқылы «Қағаз қалдықтарын іске асыру» атты акция басталды

06.02.2012

Көрулер: 2981

2012 жылдың 1 ақпанынын бастап, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының бастауымен макулатура жинау арқылы «Қағаз қалдықтарын іске асыру» атты акция жарияланды. Бұл акцияға барлық студенттер, университет қызметкерлері және оқытушы профессорлар құрамы қатыса алады.

Адамзаттың шаруашылық іс-әрекетінің және тіршілігінің нәтижесінде қоршаған ортаға тән емес заттар көп мөлшерде шығарылып, табиғи орта ластануда. Сол себептен Біз барлық тұрғындарды (жастарды, ересектерді, жас өспірімдерді) ауаның, судың, көшелердің және аулалардың тазалығын сақтауға шақыруымыз қажет!

Біздің мақсатымыз қала және ауыл тұрғындарына, студенттерге екіншілік шикізат болып табылатын қағаз қалдықтарын – макулатураны тиімді пайдалану қажет екенін көрсету. Макулатураның (қағаз қалдықтарының) 1 тоннасын іске асыру арқылы 400 м3 ағаш өнімін сақтап қалуға болады, ал бұл –5 үлкен ағашты сақтап қалумен бірдей!

Жыл сайын планетадағы өсімдіктер 150 млрд тонна көміртекті өндеп, атмосфераға 25 млрд тоннадан астам оттек бөліп шығарады. Ауданы 1 гектарға тең орман алқабы 1 күнде 40 тонна суды буландырады.

Қағаз қалдықтарын қайта пайдалану тек ормандарды сақтаумен шектелмейді, сонымен бірге қағаз қалдықтарын жинап алып, іске асыру – табиғат ластануының алдын-алу болып табылады. Целлюлоза өндірген кезде табиғи суқоймалардың ластануы, демек, табиғи ортаға тигізілетін зиян макулатураны өндегенде келтірілетін зиянмен салыстырғанда бірнеше есе қауіпті! Қағаз қалдықтарын қайта өндеу – қатты қалдықтардың мөлшерін азайтып, оларды жағу нәтижесінде немесе олардың шіруінің салдарынан атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың көлемін азайтады.

Студенттерді қаламыздың тазалығын сақтауға бағытталған акцияға қатыстыру арқылы қағаз қалдықтарын жинауды жүйелік іске айналдырып жетілдіруге; қағаз қалдықтарын тиімді қолдануға бағытталған іс-шараның мақсаттары орындалады деп сенеміз!

Барлықтарыңызды акцияға белсенді түрде қатысуға шақырамыз!

Егер Сізді экологиялық проблемалар, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қаламыздың тазалығы толғандыратын болса, Сіз өзіңіздің іс-әрекеттеріңізде пайдаланған және жарамсыз болып қалған қағаздарды жинап, Сізге осындай өтінішпен келген студенттерге тапсыруыңызды сұраймыз.

Ал студенттерді және басқа да тілек білдірген азаматтарды жинаған қағаз қалдықтарын химия факультетінің ғимаратына 321,329 бөлмелерге әкеліп, тапсыруларын өтінеміз. Қағаз көп мөлшерде жиналған кезде оны макулатура өндейтін мекемеге өткіземіз.

Акцияны ұйымдастырушы және жетекшісі: профессор Баешова А.К.

Орындаушылар: профессор Сулейменова О.Я., доценттер Ашкеева Р.К., Тугелбаева Л.М., жетекші маман Тасибекова Г.К.