6-7 ақпанда аралығында ҚазҰУ-да QS Халықаралық рейтингтік агенттігінің ОЕ және ОА бойынша аймақтық директорымен кездесу өтеді

03.02.2012

Көрулер: 2731

ҚазҰУ-дағы жұмыс сапары барысында QS Халықаралық рейтингтік агенттігінің Орталық Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Зоя Зайцева QS рейтингінде ЖОО-ның орнын анықтау өзектілігіне тоқталады. Кездесу барысында сондай-ақ, QS әдістемесіне сай ҚазҰУ сатысының жағдайы және болашағы қарастырылады.

Іс-шараға факультет декандарының ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасарлары, веб-сайт кеңістігіне жауапты мамандар және Стратегиялық сараптама және болжау орталығының, Халықаралық ынтымақтастық департаментiнің, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаментінің, Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаменттің, Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің, Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің, ҚазҰУ кітапханасы мен Мұражайының басшылары қатысады.

Кездесу Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде (№201 аудитория, сағат 9.30-да) өтеді. Өзекті мәселелерді талқылауға белсенді қатысуға және білікті кеңес алуға шақырамыз.

Стратегиялық сараптама

және болжау орталығы