6 ақпанда 10-11 сынып оқушыларына арналған «Әл-Фараби» олимпиадасының туры басталады

03.02.2012

Көрулер: 3239

2012 жылдың 6 ақпанында «Әл-Фараби» олимпиадасының бірінші (іріктеу) туры басталады.

Олимпиада 2 тур бойынша өткізіледі.

Бірінші тур бекітілген кестеге сай өтеді, екінші тур 21-23 ақпан аралығында ҚР басқа да аймақтарында, Алматы және Астана қалаларында өтеді.

Бірінші турға қатысу үшін қатысушылар белгіленген уақытта www.kaznu.kz сайтына кірулері қажет.

Назар аудырыңыздар! 2012 жылдың 5 ақпанында сайтта тіркелу аяқталады.

«Әл- Фараби» олимпиадасының І турының (қашықтан тестілеу)

ҚР аймақтарында өткізілу кестесі

6 ақпан

7 ақпан

8 ақпан

Ақтөбе облысы (9.00-10.00)

Атырау облысы (9.00-10.00)

Батыс Қазақстан облысы (11.00-12.00)

Маңғыстау облысы (11.00-12.00)

Павлодар облысы (11.00-12.00)

Оңтүстік Қазақстан облысы (9.00-10.00)

Жамбыл облысы (9.00-10.00)

Қызылорда облысы (11.00-12.00)

Қарағанды облысы (11.00-12.00)

Шығыс Қазақстан облысы (11.00-12.00)

Ақмола облысы (9.00-10.00)

Қостанай облысы (9.00-10.00)

Солтүстік Қазақстан облысы (9.00-10.00)

Астана қаласы (11.00-12.00)

Алматы қаласы (11.00-12.00)

Алматы облысы (11.00-12.00)

«Әл-Фараби» олимпиадасы – білім жолындағы алғашқы баспалдақ!

«Әл-Фараби» олимпиадасы – Қазақстандағы ең таңдаулы оқу орны – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті атануға үлкен мүмкіндік!