Қол күрестен чемпионат өтті

30.01.2012

Көрулер: 2722

29 қантарда 2012 жылы әл-Фараби атындағы КазҰУ-да қол күрестен әйелдер мен ерлер арасында Алматы қаласының Чемпионаты өтті.

Әр салмақ бойынша 70-тен астам спортшылар қатысып, соның ішінде біздің де студенттер жүлделі орындарға ие болды. Олар: 1 орын Сабырбекова Лаура – Биология және биотехнология факультетінің 1 курс магистранты, 2 орын Сыдықова Айткуль – Физико-техника факультетінің 1 курс студенті, 3 орын Сердалиева Дана – Филология, әдебиеттану және әлемдер тілі факультетінің 3 курс студенті. Жеңістеріңізбен құттықтаймыз.

Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы