Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

29.01.2023

Көрулер: 2642

  • Жансейіт Түймебаев ІnDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томскиймен кездесіп, ынтымақтастық орнату жолдарын талқылады. 
  • Білім ордасының басшысы Қазақ телевизиясының 65 жылдығына арналған «Телевизиялық менеджмент: тәжірибе және ғылыми көзқарас» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысып, баяндама жасады. 
  • Жансейіт Қансейітұлы Оңтүстік Кореяның Алматыдағы бас консулы Пак Нэ Чхонмен жүздесті. Кездесуде  тараптар серіктестікті одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстарын ортаға салды.
  • ҚазҰУ ректоры Ғылыми кеңес отырысын өткізді. 
  • Жансейіт Түймебаев Гавр университетінің бірінші вице-президенті Жан-Ноэль Касторио мен профессор Пьер Шабальді қабылдады.