РФ Бас консулдығы ҚазҰУ-ға көркем әдеби кітаптарды сыйға тартты

25.01.2023

Көрулер: 1954

ҚР Ұлттық кітапханасында Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулы Евгений Бобровпен және Алматы қаласындағы «Русский дом» қоғамдық бірлестігінің басшысы Татьяна Барышниковамен Халықаралық кітап сыйлау күніне арналған кездесу өтті. Шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті мен  Ұлттық кітапхана ұйымдастырды.

Кездесуге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің деканы Баян Жолдасбекова, филология факультеті деканының халықаралық байланыстар және ғылыми-инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Жадыра Амангелдіқызы, Түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі Раушан Авакова, шетелдік студенттер, магистранттар мен докторанттар қытысты. 

Жиынның мақсаты – халықтың рухани байлығын дамытып, жастарды білімді жәнемәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосу, студенттердің кітапқа деген қызығушылығын ояту.


Іс-шараны Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулы Евгений Бобров құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларды Халықаралық кітап сыйлау күнімен құттықтады. Құрметті мейман өз сөзінде бүгінгі кездесудің маңыздылығына тоқталды. «Бүгінгі басқосу жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыратынына сенімдімін. Осындай кездесулерді көп өткізу қажет. Соңғы уақытта жастарымыз кітаптан алшақтап, әлеуметтік желілерде көп отырады. Соның кесірінен алтын уақыттарын жоғалтады. Кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы, баға жетпес байлығы. Сондықтан қаншажерден технология дамығанымен, кітап еш уақытта өз құндылығын жоғалтпайды», – деді бас консул. 


Сөз соңында Евгений Бобров айтулы мереке қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне көркем әдеби кітаптарды сыйға тартты. 


Өз кезегінде филология факультетінің деканы Баян Жолдасбекова бас консулға ризашылығын білдірді. «Сыйға тартылған кітаптар біздің оқытушылар мен студенттер үшін пайдалы болады деген үміттемін. ҚазҰУ басшылығының және ұжымының атынан сізге алғыс білдіреміз», – деді Баян Өмірбекқызы. 

Кездесу барысында қатысушылар серіктестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, естелік фотосуретке түсті.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі