Thomson Reuters компаниясының мәлімдеуінше ҚазҰУ профессорларының индексі жоғарылады

26.12.2011

Көрулер: 2517

Thomson Reuters компаниясының мәлімдеуінше 2011 жылдың қорытындылары бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы мен Мун Григорий Алексеевичтің Хирш индекс мәндері жоғарылады.

Thomson Reuters компаниясының мәлімдеуінше профессор Г.А. Мунның h-индексі 16-ға, профессор Т.С. Рамазановтың h-индексі 11-ге тең.

Осы орайда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы профессорлардың жетістігімен құттықтап, ғылыми жұмыстарына табыс тілейді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі