«77 жылдықта 77 теңгемен түскі ас» әлеуметтік акциясы өтті

21.12.2011

Көрулер: 2083

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде желтоқсан айының 14 жұлдызында «Сұңқар» кәсіподағының ұйымдастыруымен «Біз – дұрыс тамақтануды қолдаймыз» жобасының аясында Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық және университетіміздің 77 жылдық мерейтойына арналған «77 теңгелік түскі ас» атты акция өтті.

Биыл еліміздің егеменді ел атанып, аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне 20 жыл толса, білімнің қарашаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 77 жыл толды. Ал 1999 жылдан бастап заңды мекемеге айналған «СҰҢҚАР» Студенттер әлеуметтік кәсіп одағына 12 жыл толып отыр.

Университеттің белсенді жастарының ұсынысымен қолға алынған әлеуметтік акция ҚазҰУ-дың 75 жылдығында бастау алып, биыл дәстүрлі түрде үшінші жыл өткізіліп жатыр.

«Сұңқар» кәсіподағының осы жылғы «Біз – дұрыс тамақтануды қолдаймыз» атты үлкен жобасы бұл акцияның басты ұраны болды. Дені сау ұрпақ дені – сау ұлт бастамасы. Күнделікті біліне бермейтін іс болса да, дұрыс тамақтану ол – ертеңгі ұлттың жалғасуын, ұлттың мықтылығын қамтамасыз ететін бірден-бір фактор.

«77 теңгелік түскі ас» атты әлеуметтік акциясының басты жетістігі 5 сағаттың ішінде 1200 студентті тамақтандырған «Сұңқар» кәсіподағы «ҚазҰУ рекордтар клубына» ең бірінші рекордымен енді.

Акцияның шарты бойынша тамақтануға келген 7-ші студент физика факультетінің студенті болса, 77 және 777-ші болып келген филология және әлем тілдері факультетінің екі қызы арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар көрермендер арасынан өз өнерлерін Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арнаған студенттерге де арнайы сыйлықтар үйлестірілді.

«77 жылдықта 77 теңгемен түскі ас» акциясын жүргізген және арнайы мерекелік концерттік бағдарламамен қамтамасыз еткен ҚазҰУ-дың өнерлі жастарының құрған Bluetooth club ұйымы.

Әрбір тамақтануға келген студенттер арнайы тілек жазуға қойылған тақтаға Отанымыздың Тәуелсіздігіне, ҚазҰУ-ға, кәсіподаққа деген ақ тілектерін арнады.

«Бұл акция қысқы емтихан уақыты басталғанда студенттерге арнайы ұйымдастырған «Сұңқар» кәсіподағының батылдығы және әрдайым студенттерге үлкен қаморлықпен қарайтындығының тағы бір дәлелі» - деді жастарды ұйымдастыру комитетінің басшысы Сәуле Ишанғалиева.

Қазақстан бойынша ең бірінші және бірегей болып үш жылынан қатар бұндай акция ұйымдастырып келе жатқан ҚазҰУ-дың «Сұңқар» кәсіп одағы бұл іс-шараны еліміздің өзге де университеттерге үлгі етеді.

Айнұр РАКИШЕВА,

«Сұңқар» студенттер кәсіподағы ақпараттық байланыс секторынның үйлестірушісі