ҚазҰУ студенттері Ланджоу және Хайнань провинциясында өтетін студенттік фестивальге қатысады

20.12.2011

Көрулер: 2436

Қытай Халық Республикасының Шанхай ынтымастық ұйымына төрағалығы шеңберінде «Тату көршілік және достық жылы» ұраны негізінде, 20-26 желтоқсанда Ланджоу және Хайнань провинциясында ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің бірінші студенттік фестивалі өтеді. Аталған іс-шараға бүкіл Қазақстанның атынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан өнерлі студенттердің қатысатынын хабарлаймыз.

Күні кеше университетімізден Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Гүлнар Сәрсенбекованың басшылығымен және Еңлік Қайырсынова (халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы), Зита Сванбаева («Қобыз» және «Домбыра» үйірмелерінің жетекшісі), Әлібек Мұхамеджанов (философия және саясаттану факультетінің 1 курс магистранты, домбыра үйірмесінің мүшесі, тенор домбыра, бас домбыра, гитара), Самал Жанатқызы (Экономика және бизнес мектебі факультетінің 1-курс студенті, әнші), Орынбасар Ташенов (механика-математика факультетінің 4 курс студенті, домбыра үйірмесінің мүшесі, тенор домбыра) іс-сапарға кетті.

Қытайда орындайтын шығармалар:

  1. Құрманғазы – «Сарыарқа» (күй), орындайтындар Сванбаева Зита – прима қобыз, Мұхамеджанов Әлібек – тенор домбыра, Ташенов Орынбасар – тенор домбыра
  2. Түркеш – «Көңілашар» (күй), орындайтындар Сванбаева Зита – прима қобыз, Мұхамеджанов Әлібек – тенор домбыра, Ташенов Орынбасар – тенор домбыра
  3. Құрманғазы – «Адай» (күй), орындайтындар Сванбаева Зита – прима қобыз, Мұхамеджанов Әлібек – тенор домбыра, Ташенов Орынбасар – тенор домбыра
  4. Н.Тілендиев – «Махамбет» (поэма-импровизация), орындайтындар Сванбаева Зита – прима қобыз, Мұхамеджанов Әлібек – бас домбыра, Ташенов Орынбасар – тенор домбыра
  5. «История любви» (мелодия оранжировкамен), орындайтындар Сванбаева Зита – соло-прима қобыз, Мұхамеджанов Әлібек – гитара, Ташенов Орынбасар – тенор домбыра
  6. «Қытай әні» (ән оранжировкамен), орындайтындар Мұхамеджанов Әлібек - соло, Ташенов Орынбасар - рэп, Сванбаева Зита, Жанатқызы Самал – қосымша дауыстар
  7. Л.Хамиди – «Қазақ вальсі» (ән), орындайтын Жанатқызы Самал – эстрада
  8. Л.Хамиди – «Бұлбұл» (ән), орындайтын Жанатқызы Самал – эстрада

Қосымша нөмірлер:

  1. «Абзал ана» (ән), орындайтын Жанатқызы Самал – эстрада
  2. Халық әні – «Илигай» (ән), орындайтын Жанатқызы Самал – эстрада
  3. Sarah Brightmon – «Time to say good buy» (ән), орындайтын Жанатқызы Самал – эстрада
  4. Ш.Қалдаяқов – «Қайықта» (ән), орындайтын Жанатқызы Самал - эстрада
  5. Халық әні – «Дайдидау» (мелодия), орындайтын Сванбаева Зита – прима қобыз
  6. «Халық әндерінен попурри» (ән), орындайтын Сванбаева Зита – прима қобыз
  7. Құрманғазы – «Терісқақпай» (күй), орындайтын Мұхамеджанов Әлібек – тенор домбыра
  8. Құрманғазы – «Төремұрат» (күй), орындайтын Мұхамеджанов Әлібек – тенор домбыра
  9. Н.Тілендиев – «Аққу» (күй), орындайтын Мұхамеджанов Әлібек – тенор домбыра
  10. Қаршыға Ахмедьяров – «Хамаң толғау» (күй), орындайтын Мұхамеджанов Әлібек – тенор домбыра
  11. Н.Тілендиев – «Ата толғауы» (күй), орындайтындар Сванбаева Зита – прима қобыз, Мұхамеджанов Әлібек – тенор домбыра, Ташенов Орынбасар – тенор домбыра
  12. Л.Хамиди – «Жайлауым бақша жайнаған» (ән), орындайтын Жанатқызы Самал – эстрада

ҚазҰУ-дың Студенттер клубы