«Әлем қаупі-лаңкестік» атты ашық эдвайзер сағаты өтті

19.11.2011

Көрулер: 2083

18 қарашада халықаралық қатынастар факультетінде «Әлем қаупі-лаңкестік» атты ашық эдвайзер сағаты өтті.

Аталмыш шараны дипломатиялық аударма кафедрасының эдвайзерлері Г.Н.Абдвахитова, Г.Т.Тілеужанова бірлесе отырып ұйымдастырды. Бұл шараға дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі профессор А.Ш.Байтукаева, халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы М.Байжанов, университетіміздің Тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Ә.А.Тұрмаханбетова қатысты. Халықаралық қатынастар факультетінің «халықаралық құқық» мамандығының 13, 15 топтары қатысты. А.Бақытова мен Е.Сатыбалдинов баяндама жасады. А.Орынгалиева мен Н.Қалиева тақырып аясында дайындаған слайдтарымен бөлісті. А.Жүсіпов көрсеткен бейнебаян бойынша, студенттер өз пікірлерін айтты. Халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы М.Байжанов маман ретінде өз ойын ортаға салды.

Қазіргі кезде терроризм мәселесі әлемдегі кез-келген халықтың, кез- келген мемлекеттің қауіпсіздігіне жаһандық қоқан-лоққы болып отыр.

Бұл эдвайзер сағатының басты мақсаты студенттерге адамзаттың лаңкестік әрекеттерге қарсы екенін жеткізу.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі