Open Faculty Startup Competition стартап байқауы

18.11.2011

Көрулер: 2830

Open Faculty Case Competition финалына шыққан SIFE КазҰУ және Индиго топтары Стартап байқауына қатысады. Сонымен қатар, байқауға «Болашақ» бағдарламасының түлектері және Perfect&Genius, Smart Hearts, Dragon Motors, Team One топтарының тимбилдерінен құрылған «Open Faculty» құрама тобы қатысады.

Қатысушы топтарға Қазақстанда аналогы жоқ стартапты өңдеу жүктеледі. Стартап идеясына міндетті түрде тәуекел, мүмкіншілік, бопса және т.б. талдамалар негізінде толық бизнес-жоспар қосу керек. Сонымен қатар, презентациялық бөлімде командалар қазыларды (инвесторларды) өз стартаптарын қаржыландыруға сендіру қажет.

Байқау өткізу шарттары: Командалар өз стартаптарын барынша толығырақ көрсету қажет. Стартап келесi белгiлерге сәйкес келуi керек: жаңалық және инновациялық, технологиялық, өзектiлiк және жобаның әлеуметтік маңыздылығы (жоба әлеуметтiк эффект, ашылатын жұмыс орындарының саны, өндiрiс және өнiмнiң экологиясы, бiрлескен жауапкершiлiк сияқты сипаттамаға ие болу керек), коммерциялану және жобаның iске асыру әлеуеті (өнiм немесе қызметке сұраныстың әлеуеті, нарықтық тұжырымдаманың дәлелдiгі, коммерциялық әрiптестердің ойлары).

Ұсынылған стартап идеяларының бұрын сонды кездеспеуі, қайталанбауы, алғашқы рет ұсынылып және Қазақстанда аналогы болмауы ерекше бағаланады. Идея және өңделген бизнес-жоспар барынша нақтылыққа сәйкес болу керек. Жоба құрылымына қатысушылар толықтау жауапты болады. Командаға қойылатын талаптар мынадай: презентация тобын қоса есептегенде бiр команданың толығымен шығуы; презентация тобы 10 адамнан тұрады; бизнес-эдвайзердің қатысуы (қазылар алқасы және ашық кафедраның лекторлары құрамы алынбауы қажет). Командаларға өз презентацияларын қорғау үшін 15 минут беріледі. Сұрақтармен жауаптарға қосымша 10 минут беріледі.

Байқау қатысушылары стартап жобасының және презентациясының соңғы түрін (қағаз және электрондық түрде) 24 қараша, сағат 11:00-ге дейін 15 көшірмесін ұсыну қажет. Осы материал танысып, түсіну, бағалау үшін қазылар алқасына екі күн бұрын жіберіледі.

Стартап презентациялары 26 қараша күні, сағат 11:00-де, экономика және бизнес жоғары мектебінің № 2 академиялық залында өтеді. Финалдық дауыс беру және жеңімпаздарды анықтау 26 қараша күні командалардың презентацияларынан кейін өтеді. Қазылар алқасы жобаның мазмұнына, презентацияға, бизнес-концепцияның инвестициялық тартымдылығына (жобаның қаржылық бөлімін қорғау), нарық, аналог, тұтынушыларының потенциал жөнінде қатысушыларының біліміне (жобаның маркетинг бөлімін қорғау), хабардарлық, бизнес-жоспарды іске асыру үшін қатысушылардың тәжірибе және дағдыларына ерекше назар аударып, бағалайды. Сонымен қатар, қазылар алқасы қатысушылардың харизмасын, инвесторлар алдында жобаны ұсыну шеберлігін, презентациядағы жобаның негізгі артықшылықтарын және болашағын көрсету білу ұтқырлығын; қазылар алқасының сұрақтарына жауап беру қасиеттерін бағалайды.

Байқауды 20 қазылар алқасы бағалайды. Қазылар құрамына ҚазҰУ Жұмыс берушілер Кеңесінің компаниялары, ғалымдар, «Ашық кафедра» жобасының дәрісшілері бар.

Мансап және бизнес орталығы