Студенттер «Компас-тур» компаниясының директорымен кездеседі

10.11.2011

Көрулер: 3270

11 қарашада география және табиғатты пайдалану факультетінде «Туристік ұйымдардың болашақ жетекшілеріне арналған Лидерлік курс» жобасы аясында ҚазҰУ-дың туризм мамандағында оқып жатқан студенттері «Компас-тур» ірі туроператорлық компаниясының директоры Загоруйко Анна Сергеевнамен жүздесу өтеді.

Жүздесу «Туристік бизнестегі мамандандырылған білім алудың маңыздылығы» тақырыбындағы пікірталас ретінде өтеді.

Пікір-таласқа «Компас-тур» туроператорлық компаниясының директоры А.С.Загоруйко, Туризм кафедрасының профессоры Р.С.Ердавлетов, Туризм кафедрасының меңгерушісі М.М.Артемьев, «Жастур» клубының президенті Д.Ж.Әуелбеков қатысады. Жобаны ұйымдастырушы «Жастур» Туризм мен Спортты дамыту Клубы.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі