Тәуелсіз Қазақстанның құрдастарымыз

10.11.2011

Көрулер: 2761

11 қарашада сағат 15:00-де география және табиғатты пайдалану факультетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Біз – Қазақстан Тәуелсіздігімен құрдас жастармыз!» атты ашық тәрбие сағаты өтеді.

Тәрбие сағатына ата-аналар, университеттің тәрбие бөлімінің жетекшілері, факультеттердің аға куратор-эдвайзерлері, факультеттің деканат бөлімі қатысады. Сонымен бірге студенттердің орындауында «1986 жылдың қаһарлы желтоқсаны», «Біз – бірлігі жарасқан елміз!» атты көріністер, патриоттық әндер және «Біз – Қазақстан Тәуелсіздігімен құрдас жастармыз!» бейне-ролигі ұсынылады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі