«Қазақстан Республикасындағы дінтану саласындағы білім берудің маңыздылығы» атты дөңгелек үстел өтеді

09.11.2011

Көрулер: 2446

9 қараша сағат 16.00-де «Алматы жастар конгресі» және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті «Қазақстан Республикасындағы дінтану саласындағы білім берудің маңыздылығы» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Әлеуметтік білім беру өскелең ұрпақ пен жастарға сондай-ақ діннің тарихы, адамзат өміріндегі маңыздылығы, мәдениеті жалпы, дін туралы сауаттылық пен ғылыми түсінік беретін қазіргі заманғы мемлекеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Аталған дөңгелек үстел барысында дінтану саласының жетекші мамандарының баяндамалар жасауы жоспарланып отыр.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары: дін философиясы саласының мамандары, жастар және студенттік ұйымдардың көшбасшылары және Алматы қаласы ЖОО-ның жастар ісі жөніндегі комитет жетекшелері.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті

Амангелді көшесі, 61, Шевченко көш.қиылысы, мәжіліс-зал (4-қабат)

Құрметті БАҚ өкілдері, аталған іс-шараның жарыққа шығуына үлес қосуларыныңызды сұраймыз!

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі