«Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» анықталды

08.11.2011

Көрулер: 2344

7 қарашада әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында «Ана тілі аруы» «Жігіт сұлтаны» -2011 байқауының ақтық сайысы өтті. Жыл сайын дәстүрге айналған «Ана тілі» аруы» және «Жігіт сұлтаны» байқауы биыл Ел Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналды. Аталған байқаудың ұйымдастырушысы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті мен Студенттер сенаты.

Аталған байқау үш кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңде университеттің 700-ге жуық ұл-қызы байқауға қатысуға өтініш білдіріп, олардың 90-ы 2-ші кезеңге өтті. Екінші кезеңде білімдері мен өнерлері таразыланып, олардың ішінен 12 факультеттен 12 ару мен 12 сұлтан таңдалып алынды.

Арулар өз қолдарынан қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеп, жәрмеңке өкізді. Жиналған ақша қорына жетім балалар үйіне қайырымдылық іс-шаралар жасалды. Ал жігіттер жағы қол күрес, арқан тарту сияқты спорт сайыстарына қатысып, өздерінің күш-жігерлерін танытты.

Байқауда қазылық етіп, әділ бағасын берген әділқазылар: төрағасы «Ана тілі газеті» бас редакторының орынбасары Нұрперзент Домбай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ардагерлер кеңесінің мүшесі, профессор Ажар Ахметқызы Жұбанова, Қазақстан республикасының белгілі дизайнері, стилист, «Ерке-Нұр» компаниясының президенті Фарида Мерхамитқызы, ҚР еңбегі сіңген әртісі, ҚазҰУ түлегі, әнші Бағдат Сәмединова, Республикалық «Қазақ қызы» журналының бас редакторы Еңлік Ерболқызы, ҚазҰУ «Ана тілі» аруы 2010» және республикалық «Ана тілі-2010» байқау гран-при иегерлері Әшірәлі Айгерім, Қайрат Бұрханбеков болды.

Байқау сайысы сәлемдесу, сұрақ-жауап, өз өнерін көрсету, сән үлгілерін көрсету сияқты кезеңдерден тұрды.

«Ерке нұр» сән үйі ұсынған қазіргі заман жастарына арналған сән-үлгілері ерекше болды.

Сонымен байқау қорытындысы бойынша Гран-при иегері және «Көрікті ару» аталымының жеңімпазы экономика және бизнес жоғары мектебінің 2 курс студенті Мәлік Салтанат деп танылды. Ал өзге де талымдар бойынша қортынды нәтижесі мынадай: «Қайсар қыз» - Күрішбекова Айгерім (философия және саясаттану факультетінің 3 курс студенті, «Инабатты ару» - Орынбаева Алтын (археология және этнология факультетінің 2 курс студенті, «Парасатты ару» – Райымбергенова Кәмшат (заң факультетінің 2 курс студенті), «Көрермен көзайымы» – Оразбаева Талшын (георафия және табиғатты пайдалану факультетінің 1 курс студенті), «Мейірімді ару» - Абдрахман Қазына (механика-математика факультетінің 1 курс студенті марапатталады), «Өнерлі ару» – Еркінбек Ұлбосын (биология және биотехнология факультетінің 2 курс студенті), «Шебер ару» - Нахипова Фариза (физика-техникалық факультетінің 2 курс студенті), «Дарынды ару» - Матаева Динара (химия және химиялық технология факультетінің 3 курс студенті), «Қылықты ару» – Тұматай Гауһар (журналистика факультетінің 2 курс студенті), «Байсалды ару» - Мекембаева Жазира (филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 3 курс студенті), «Көрікті ару» - Мәлік Салтанат (экономика және бизнес жоғары мектебінің 2 курс студенті), «Нәзік ару» - Серік Шолпан (шығыстану факультетінің 2 курс студенті) марапатталды.

«Жігіт сұлтаны» -2011 байқауының Гран-при иегері философия және саясаттану факультетінің 3- курс студенті Қалдыбайұлы Қайырхан. Ал «Шешен жігіт» – Бекболат Баян (механика-математика факультетінің 1 курс студенті), «Жалынды жігіт» – Ернарұлы Ершат (биология және биотехнология факультетінің 1 курс студенті), «Парасатты жігіт» – Наурызалиев Нұрлан (журналистика факультетінің 3 курс студенті), «Ақын жігіт» - Ысқақ Оралбек (тарих, ареология және этнология факультетінің 1 курс студенті), «Жігерлі жігіт» – Әуелов Ақтөре (заң факультетінің 1 курс студенті), «Өнерлі жігіт» - Бердалы Ерман (тарих, археология және этнология факультетінің 2 курс студенті), «Тапқыр жігіт» - Бөзекенов Тәуірбек (филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 3 курс студенті), «Сері жігіт» – Алтынбеков Даулет (география және табиғатты пайдалану факультетінің 1 курс студенті), «Қайсар жігіт» - Қалдыбайұлы Қайырхан (философия және саясаттану факультетінің 3 курс студенті) «Қайратты жігіт»- Әміржанов Жандос (экономика және бизнес жоғары мектебінің 2 курс), «Байсалды жігіт» – Әлімбеков Жандос (физика-техникалық факультетінің 1 курс студенті), «Дарынды жігіт» – Мінайхан Салтанат (филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 2 курс студенті) марапатталды.

Қатысушыларлар ұйымдастырушылар тарапынан және «Лореаль мейбелин Нью-Йорк» компаниясы ұсынған сыйлықтарға ие болды.

Студенттер клубы